Animated Short Film "THE DOG" - the most emotional story of a hobo who wants to deliver an important message for humanity. WHAT IS IT? YOU CAN FIND IT OUT AT THE END OF THE VIDEO.
«Дара тұлға» - "6+" жастағы балаларға арналған ғылыми-танымдық мультcериал. Әр бөлім қазақтың бір алып тұлғасы жайлы баяндайды. Бөлім барысында оның өмірбаяны мен жасаған еңбектері, жеткен жетістіктері мен көрген қиындықтары, 2D анимациялық техникасы арқылы, ерекше стильде, балаға түсінікті жолмен көрсетіледі.
"Сәби" – "0+" жастағы балаларға арналған танымдық қазақша мультсериал.
Жобаның мақсаты:
- "Сәби" мультхикаясы арқылы кішкентай бүлдіршіндерге түрлі түстер мен геометриялық фигураларды ажыратуды, дене мүшелері, тамақтану, киіну негіздерін, ыстық пен суық сияқты физикалық құбылыстарды үйрету; - Мультипликация арқылы балаларды ерте жастан қазақша сөйлету; - Қазақ балаларына отандық сапалы мультипликациялық өнім ұсыну;
Ерекшеліктері:
• "Сәби" мультхикаясы балалар психологтарының өндіріске тікелей қатысуымен жасалмақ; • "0" жастан бастап "3" жасқа дейінгі баланың даму жүйесі жіті зерттеліп, әр уақытқа сай берілетін мағлұматтың ғылыми негізі болмақ; • Қазақстанда алғаш рет;