«Менің Қазақстаным» — Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны. Әнұранның осы нұсқасы 2006 ж. қаңтардың 7-ші күнінде қабылданған.Сөзі Жұмекен Нәжімеденов,
Нұрсұлтан Назарбаев / Сазы Шәмші Қалдаяқов ú Қабылданғыны 2006 :---------
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны —
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой,
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы (1 рет):
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің — Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Қайырмасы (2 рет):
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің — Қазақстаным!
---------------------------------
Altın kün aspanı,
Altın dän dalası,
Erliktiñ dastanı -
Elime qaraşı!
Ejelden er degen,
Dañqımız şıqtı ğoy,
Namısın bermegen,
Qazağım mıqtı ğoy!
Meniñ elim, meniñ elim,
Güliñ bolıp egilemin,
Jırıñ bolıp tögilemin, elim!
Twğan jerim — meniñ Qazaqstanım!
Urpaqqa jol aşqan,
Keñ baytaq jerim bar.
Birligi jarasqan,
Täwelsiz elim bar.
Qarsı alğan waqıttı,
Mäñgilik dosınday.
Bizdiñ el baqıttı,
Bizdiñ el osınday!
Meniñ elim, meniñ elim,
Güliñ bolıp egilemin,
Jırıñ bolıp tögilemin, elim!
Twğan jerim — meniñ Qazaqstanım!
Алтын жерім менің
daniyar331313 9 months ago
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
zhasik05 11 months ago